18 жасқа дейін бала шотына аударылатын қаражат қашан күшіне енбек?

459
Бірыңғай жинақтық зейнетақы қоры Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақшаның бірыңғай операторы болып белгіленді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов мәлімдеді. 

«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. 18 жасқа дейінгі барлық балаларға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түсетін болады. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды, - деді Тимур Жақсылықов.

Жинақталған қаражат кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға қолжетімді болады. Келесі жылы жобаны іске қосу үшін қажетті заңнамалық өзгерістер қабылдау жоспарлануда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.