Әкімдік қызметкері көмек сұрап келген жалғызбасты ананы шешеден боқтады

258
Түркістан облысының Сайрам ауданында жылусыз отырған жалғызбасты ана әкімдіктен көмек сұрап келгенде, ондағы шенеунік тұрғынға дөрекілік танытты- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Әкімдікке көмек сұрап келген келіншек мекеме қызметкерлеріне жанайқайын жеткізген. Алайда әкімдік аппараты заң бөлімшесінің басшысы Қайрат Жанәлиев жалғызбасты анаға видеотүсірілім жасауға рұқсат етілмегендігін ескертеді.

Қайтіп қорғаламын? Соны айтыңызшы,— дейді тұрғын.

Видеодан әйелдің әкім қабылдауына кіріп, жылу мәселесімен келгендігін аңғаруға болады. Осы сәтте өз эмоциясын ұстай алмаған шенеуніктің әйелге бөлім басшысы жауап беретінін айтқанын, кейіннен тіпті былапыт сөзді естуге болады. Көмек сұрап келген әйел шенеуніктен өзіне неліктен айқайлап тұрғанын сұрайды.




Ал шенеунік Қайрат Жанәлиев ешқандай боқауыз сөз айтпадым деп отыр. Оны сол жерде болған өзге куәгерлер де растай алады дейді. Бұл жағдай дүйсенбіде, яғни 7 қарашада таңғы уақытта болған. Жергілікті тұрғын әкімдікке қарасты мекеме қызметкері екен. Бұл кезде аудан әкімі облыс басшысының төрағалағымен өтіп жатқан селекторлық жиында болған. Әкімдіктегілер әйелге соны айтып түсіндіріпті. Бірақ соңы шуға ұласқан. Осы кезде аппараттың заң бөлімшесінің басшысы мән-жайды анықтамақ болғанға ұқсайды.


"Мен өзім тез сөйлейтін адаммын. Сондықтан кейде мені түсінбей қалады. Ол әйелді боқтаған жоқпын. "Бөлім басшысы, мәселені шешіңіздер" дедім. Әйел адамды қалай боқтаймын? Оның үстіне видеоға түсіріп жатқанын біліп тұрмын. Жалпы, мен өмірде боқауыз сөз айтпайтын адаммын. Видео әдейі солай монтаждалған. Тиісті материалдарды жинап, адвокат жалдадым. Бейнежазбаны нотариус арқылы заңдастырып, сотқа жүгінемін", — деді ол.




 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.