Жол апатынан екі мотоциклші көз жұмды

1 515

Қарағанды облысының Шет ауданында екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты болды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарата агенттігі Sputnik.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық полицияның мәліметінше, оқиға салдарынан 17 және 37 жастағы екі жүргізуші де көз жұмған.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, 16-шы сәуірде шамамен сағат 21:00-де Шет ауданының Ағадыр ауылында бір бағытта барв жатқан екі мотоциклдің қатысуымен жол апаты тіркелді. Апат салдарынан мотоцикл жүргізушілері оқиға орнында қайтыс болды, ал тағы бір адам әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қарағанды облыстық полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жылдамдық шегінен асырмауға шақырады. Автокөлікті басқару кезінде қорғаныс құралдарын - арнайы бас киім мен құралдарды міндетті түрде пайдалану қажеттілігіне ерекше назар аударылған.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.