Енді ломбардтан алынбай қалған алтын несие тарихында көрсетілмейді.

1 510

Фото: Оpennews.kz ЖИЛомбардтағы қарыз енді несие тарихына кері әсер етпейді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі несие бюроларының жұмысына өзгерістер енгізуді жоспарлап отыр.

Осыған дейін ломбардқа алтын бұйымдар немесе тұрмыстық техниканы кепілге қойып, кейін оны қайтарып алмаған азаматтардың несие тарихында мерзімі өткен берешек туралы ақпарат сақталып, бұл ипотека, автонесие немесе басқа да қаржылық өнімдерді рәсімдеу мүмкіндігіне кері әсер етіп келген.

Жаңа тәртіпке сәйкес, ломбардқа кепілге қойылған мүлік есебінен өтелген қарыздар бойынша мерзімі өткен төлемдер, өсімпұлдар мен айыппұлдар несие тарихында көрсетілмейді. Қарыз толық жабылғанға дейін ол тек «Жарамды» мәртебесімен белгіленеді.

Сонымен қатар, бөліп төлеуге алынған тауарлар туралы мәліметтер несие тарихына енгізіледі. Бұдан бөлек, банктер азаматтардың соңғы алты айдағы құмар ойындарға жасаған төлемдері туралы ақпаратты кредиттік бюроларға жолдайды.

Сондай-ақ, кредит алуға берілген өтінімдер мен олар бойынша қабылданған шешімдер несие бюросының жүйесінде нақты уақыт режимінде көрсетілетін болады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.