Қызылордада заңсыз ойын ұйымдастырушылар жауапқа тартылды

267
Қызылордада заңсыз ойын ұйымдастырушылар жауапқа тартылды деп, хабарлайды Kyzylorda-vesti.kz.

Қызылордада заңсыз ойын ұйымдастырғандарға сот үкім кесті. Облыстың үш тұрғыны ғимараттарды жалға алып, жымысқы әрекеттерін жүзеге асырып келген. Компьютерлерге интернет-казино құмар ойындарын іске қосқан. Сақталған бағдарламалар мен төлем жүйесіне сілтемелерді криминалист маманның компьютерлік-техникалық қорытындысы анықтады. Сот оларды кінәлі деп тауып, екеуіне бір жылға бас бостандығын шектеу жазасын, ал біреуіне 583 400 теңге айыппұл жазасын тағайындады.

Айта кету керек, қылмыс орнынан алынған 38 компьютер процессоры, 41 монитор,  модем, теледидар, бейнетіркегіш және 248 000 теңге ақшалай қаражат мемлекет кірісіне алынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.