Шиелі аудандық прокуратурасында пробациялық бақылаудағы азаматтармен кездесу өткізілді

1 525

ҚАЖДБүгін Шиелі аудандық прокуратурасында  пробациялық бақылаудағы азаматтармен кездесу өткізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Кездесу барысында  есептегі тұлғаларға пробациялық бақылаудың мақсаты, мерзімдері, құқықтары мен міндеттері, жауапкершіліктері, заңдарда көзделген жеңілдіктер, жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзу түрлері, Қылмыстық кодекске жаңадан енген (108-1, 109-1, 121-1-баптар) қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да мағлұматтар назарларына ұсынылып, туындаған бірқатар сұрақтарға жауап берілді. 

Шара соңында бақылаудағы азаматтарға аудандық прокуратурамен дайындалған арнайы жадынама таратылып, онда жазаны өтеумен байланысты туындауы мүмкін сұрақтарға жауап жазылғаны атап көрсетілді.

Шиелі аудандық пробация қызметінің бастығы әділет подполковнигі Қайрат Байкенжеевтің айтуынша қазіргі таңда проабция есебінде 70-ке жуық сотталған есепте тұр.Олармен тұрақты түрде профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Түсіндірме жұмыстарға қарамастан құқықбұзушылық жасағандар да кездеседі.Жыл басынан жаза өтеу дің міндеттерін орындамаған 3 азамат түзеу мекемесіне жіберілген,-дейді әділет подполковнигі  Қайрат Байкенжеев.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.