Оралдағы дәмханада болған жарылыстан қаза тапқандардың аты-жөні жарияланды

1 568

Фото: ашық дерек көзіОралда 4 қаңтарда түнгі уақытта болған жарылыстан қаза тапқандардың аты-жөні анықталды. Өткен жексенбіде олар жер қойнына тапсырылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиғадан үш адам қаза болған. Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында 32 жастағы Руслан Қаржаубаев жерленді. Оның артында екі баласы қалды. Басылым мәліметінше, төтенше жағдай кезінде ер адамды бетон қабырға басып қалған. Туыстары оның көлік жөндеумен айналысқанын, ал кафеге досымен тамақтануға кіргенін айтып берді. Досы төтенше жағдайдан тірі қалыпты, қазір жарақат бөлімінде емделуде. 


"Руслан жеке шаруасымен айналысқан. Көп сөз сөйлемейтін, сабырлы адам болған. Нағыз ер азамат. Осындай адамнан айырылып қалдық. Бейбіт күнде, соғыс жоқта айырылып қалып жатырмыз. Бұған кім жауап береді?" - дейді марқұмның туысы. 


Жарылыстан қаза болғандардың бірі студент Ерхан Тоқбаев Шыңғырлау ауданындағы Алмазное ауылында жер қойнына тапсырылды. Ер адам дәмханаға тамақтануға келген. 6 қаңтарда Бәйтерек ауданындағы Достық ауылында 19 жастағы Маргарита Мұхаметжановамен қоштасу рәсімі өтті. Бұл мекемеде ол даяшы болған, пединститутта оқыған. Отбасында жалғыз қыз болған. Оралда дәмханада болған жарылыстан қаза болғандар.

Еске салайық, 4 қаңтарға қараған түні Орал қаласындағы дәмханалардың бірінде алдын ала мәлімет бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болып, салдарынан ғимарат опырылған болатын. Оқиға орнында екі адам қаза тапты. Кейін үшінші адамның денесі үйінді астынан шығарылғаны хабарланды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.