ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ
Бүгін аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, “Сыбаға” базары, “Аль-Асад”, “Сырдария”, “Мирас” сауда үйлеріндегі және әлеуметтік дүкендердегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізілді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Алда келе жатқан мерекелер қарсаңында бағаны негізсіз өсіруге жол берілмеу керек. Осы ретте, сауда желілеріндегі баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары күшейтілді.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін, мемлекет бірқатар шаралар қабылдайды.
Үкімет тауарлар мен қызметтердің бағасын реттеу үшін әртүрлі әдістер қолданады, соның ішінде субсидиялар беру, баға мониторингін жүргізу және сауда субъектілерін бақылау. Бағаның күрт өсуін болдырмау үшін, сауда ұйымдарына бақылау шаралары енгізіледі. Бұған тауарлардың жеткізілуі мен сақталуын бақылау, әсіресе маңызды азық-түлік өнімдеріне қатысты жүргізіледі. Бағаны тұрақтандыру мақсатында мемлекет ұлттық қордан қаржы жұмсап, импорттық тауарларды субсидиялауға немесе өнім өндірушілерге көмек көрсетуге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жұмыстары жалғасуда.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын ұстап тұруға бағытталған мониторинг барысында бағаны негізсіз көтерген нарық субъектілеріне ӘМАТ-на рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшері асып кеткен кезде ішкі сауда субъектісі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болатыны түсіндірілуде.
Алдағы күндері бірқатар мерекелер аталып өтіледі. Мереке қарсаңында бағаны негізсіз өсіруге жол берілмеуі керек. Осы ретте, сауда желілеріндегі қауіпсіздік пен баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бақылау шаралары күшейтілді.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін түрлі тәсілдер мен шаралар қолданылады. Бұл шаралар экономиканы тұрақтандыруға, инфляцияны тежеуге және халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған. Бұл шаралардың барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған және азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақты ұстап тұру үшін атқарылып жатыр.