АУДАН ӘКІМІ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДЕ БОЛДЫ

1 483

Фото: Жаңақорған аудан әкімдігіҚазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 13 мамыр күні Жаңақорған ауданының әкімі Мажит Самитов Қожакент, Өзгент, Машбек Нәлібаев, Жаңарық және Қыркеңсе ауылдық округтерінің тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бұл кездесулерде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өзекті мәселелері талқыланды.

Тұрғындармен кездесу жиынына аудандық мәслихат төрағасы Ғалымжан Жарқынбек Ғалымжан, аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов және тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары арнайы қатысып, көптің сауалына жауап берді.

Аудан әкімі Мажит Самитов тұрғындармен ашық диалог форматында өткен кездесулерде көтерілген барлық мәселелердің назардан тыс қалмайтынын және олардың шешілуі үшін жүйелі жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.

Тұрғындар өз кезегінде аудан басшысының алдында өздерін толғандырып жүрген мәселелерін көтеріп, түрлі ұсыныстарын айтып, алдағы уақытта да осындай кездесулердің жалғасуын тіледі.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.