Атырауда тағы бір шенеунік ұсталды

374

Тергеу мәліметінше, шенеунік мектеп, емхана мен спорт кешеніне бөлінген қаражатты қалтасына басқан,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Экспресс К сайтына сілтеме жасап.


Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Нұрқуат Нудин ұсталды.

Шенеунікпен бірге "Техника-Рем строй" ЖШС директоры да ұсталды. Тергеуді Экономикалық қылмыстарды тергеу қызметі жүргізіп жатыр.

Олар әлеуметтік нысандардың құрылысына арналған қаражатты жымқырды деген күдікпен ұсталды. Қаражат мектеп, екі емхана мен дене шынықтыру кешенінің құрылысына арналған, — деп хабарлады Қаржы мониторинг агенттігі баспасөз қызметі.

Екі күдікті де қамауға алынды. Айта кетерлігі, Нұрқуат Нудин қаржыны облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары болған кезде емес, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары болған кезде жымқырды деп айыпталып отыр.