Қызылорда облысында 17 сотталған қоғамдық жұмыстар атқаруда

1 307

Фото: ҚАЖДҚызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің  пробация қызметі есебіндегі 17 сотталған азамат сот үкімімен қоғамдық жұмыстарын  орындауда. Олар жергілікті орган белгілеген орындарда қоғамдық жұмыстар атқарып, күн сайын 4 сағаттан тазалық жұмыстарын жасайды.

Сот шешіміне сәйкес, кейбір азаматтар 40 сағат қоғамдық жұмыс атқаруы тиіс болса, енді біріне 200 сағат міндеттелген. 2025 жылдың алғашқы үш айында аталған 17 сотталған өздеріне жүктелген міндеттерді орындап, қоғамдық орындарды тазарту және абаттандыру жұмыстарын орындауда.

Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы әділет майоры Фариза Сембаеваның айтуынша, қоғамдық жұмыстар – сотталған азаматтарды еңбекке баулудың, оларды қоғамға бейімдеудің бір жолы. Сонымен қатар, бұл олардың түзелуіне және қайта қылмыс жасамауына оң ықпал етеді.


«Қоғамдық жұмыстар – қылмыстық жазаның бір түрі. Оның басты мақсаты – сотталған азаматтардың әлеуметтік ортаға бейімделуіне көмектесу. Олар өз еңбегімен қоғамға пайдасын тигізе отырып, жауапкершілікті сезінеді», – дейді әділет майоры Фариза Сембаева.


Айта кету керек, қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтар белгіленген сағаттарын толық өтегеннен кейін пробация бақылауынан босатылады. Ал сот үкімін орындаудан жалтарған жағдайда заң аясында тиісті шаралар қабылданады.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.