Өртенген үйден ер адамның мүрдесі табылды

1 121

Фото: pixabay.comПавлодар облысының Малиновка ауылында өртеніп кеткен үйден ер адамның мүрдесі табылды. 1969 жылғы марқұм аталған үйде жалғыз тұрған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Шарбақты ауданы Малиновка ауылында 1969 жылғы ер адам өз үйінде тосыннан болған өрттен көз жұмды. Оқиға бүгін таңертең болған.


«14 қазан күні сағат 06.12-де Шарбақты ауданы Малиновка ауылындағы жер үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, жалынды сөндіруге кірісті. Алаңы 15 шаршы метр аумақта ағаш еден және терезе жақтаулары өртенген. Өрт сөндіру барысында үйден 1969 жылғы ер адамның мүрдесі. Ол аталған үйде жалғыз тұрған. Өртке ӨСБ-7 күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиғаның себебі анықталып жатыр»,- деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.

Мамандар өрттің шығуына үйдегі пеш немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін екенін айтады.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.