Мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекпен лагерьде балаларды емдемек болған
Қазақстанда балалар лагерлерін тексеру жалғасуда. Ақмола облысындағы мекемелерде 400-ден астам түрлі заң бұзушылықтар анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Бурабай курорттық аймағындағы үш жеке лагерьдің медициналық қызмет көрсетуге лицензиясы жоқ, фельдшерлік пункттер мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті пайдаланған, ал Ақкөл ауданындағы мекемеде дәрі-дәрмек мүлде болмаған, аудандық аурухана 40 шақырым жерде орналасқан.
Балалар лагерін тексерген инспекторлардың айтуынша, көптеген мекемелерде балаларға дұрыс жағдай жасалмаған.
Тексеру қорытындысы бойынша заң бұзушылықтарды жою және балалардың демалысын қайта ұйымдастыру жоспары әзірленді.