“Не істейсің?”: Қарағанды облысының тұрғыны облыс әкімін танымай қалды
357
Қарағанды облысының тұрғыны облыс әкімінің атын білмей қалды. Журналист Асхат Ниязов Қарағанды облысының тұрғынынан әкімнің есімін сұрағанда білмей қалған видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі “Адырна” ұлттық порталына сілтеме жасап.
Бір қызығы видеода журналист әкіммен бірге жүрген еді.
“Білмеймін. Газеттен көрдім, ұмытып тұрмын”, деген еді тұрғын журналистің сұрағына.
Журналистпен бірге тұрған Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті көрсеткенде, тұрғын абдырап қалды. Журналист тұрғыннан “әкімге не айтарыңыз бар?” деп сұрады.
“Менің әр күнім проблема. Не істейсің? Ақша жетпейді. Сен 1 ай істейсің де, басқа жаққа кетіп қаласың”, - деді тұрғын әкімге.