Қазақстанда науқастардың жеке медициналық деректерін сақтау мерзімі белгіленеді

1 421

Фото: istockphoto.comДенсаулық сақтау министрлігі цифрлық денсаулық сақтау субъектілерінің жеке медициналық деректерді жинау, өңдеу, сақтау, қорғау және ұсыну қағидаларына түзету жобасын дайындады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Жеке деректер мен ілеспе медициналық ақпаратты сақтау мерзімі:

ересектер (15 жас және одан жоғары) – 10 жыл;

балалар (0-ден 15 жасқа дейін) – 15 жыл.

“Осы кезеңде аудио жазбалар, биомагниттік суреттер, компьютерлік томография, түсті доплерография, рентген, ЭКГ, эндоскопия нәтижелері, тамырішілік ультрадыбыстық, ауыз қуысының рентгенографиясы, МРТ, УДЗ, сонограммалар, бейне фотосуреттер, видеомикроскопиялық, эндоскопиялық фотолар, т.б. сақталады”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ медициналық қызметкер диагностикалық жабдықты пайдалана отырып алған дербес деректерді және тиісті медициналық ақпаратты жинау және өңдеу кезінде ұлттық стандарттың ережелерін басшылыққа алу қажет.

Дербес деректерді жинау бірегей сәйкестендіру нөмірлерін беру арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін диагностикалық жабдықтан алынған дербес деректер жойылады.

Жоба пациенттердің сырқаттану жағдайларын тиімді есепке алып, медициналық көмекті оңтайландыру мақсатында әзірленген.

Әзірлеушілердің пікірінше, оның жағымсыз әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдары жоқ. Жоба 14 ақпанға дейін қоғамдық талқылау үшін “Ашық НҚА” порталында орналастырылған.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.