АУДАН ӘКІМІ: ӘРБІР ТАПСЫРМА ТИЯНАҚТЫ ОРЫНДАЛУЫ ТИІС
Бүгін аудан әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында берген тапсырмаларын орындау және ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сапасын арттыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Жиында аудан басшысы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен форумда қазалылық «Рза-Агро» ЖШС-нің егіс бригадирі Томай Балғазы Қазақстан Республикасының «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғанын айтып, бұл ауданның ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек адамдарының маңдай тері мен қажырлы қызметінің жемісі екендігін айтты.
Мұнан соң форум қорытындысымен Мемлекет басшысының еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған алда атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары бойынша маңызды тапсырмаларға тоқталды. Соған сәйкес берілген тапсырмалар аудан көлемінде жүйелі түрде орындалуы керектігін айтып, бұл бойынша жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Ал, күн тәртібіндегі екінші мәселеге байланысты ауданнан экспортқа және ішкі нарыққа шығарылатын тауардың ең алдымен сапасы жоғары болуы тиіс екендігін айтты. Бұл бойынша ішкі нарықтағы тауарлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен сапасын арттыру мақсатында жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілу керектігін және тауарлардың талапқа сәйкес келмеу фактілерінің алдын алуға жұмыс жасап, мерзімінде тиісті шараларды қабылдау жөнінде жауаптыларға нақты тапсырмалар берді.
Мәжілісте аудан әкімі күн тәртібінен бөлек өзекті мәселелерді де қозғап, әрбір берілген тапсырмалар тиянақты орындалуы керектігін ескертті.