Жер үй өртеніп әкесі мен 4 баласының мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданындағы Ступинка ауылында жер үй өртеніп, оқиға орнынан бес адамның денесі табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дереккөзге сүйенсек, өрттен кәмелет жасына толмаған үш бала және 18 жастағы бір қыз, сондай-ақ олардың әкелері мерт болған.
СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттен 1984 жылғы әкесі, 2006 жылы туған қызы мен кәмелет жасына толмаған екі қызы мен бір кішкентай ұлы қаза тапқанын растады.
Қаз
Рус






