Шиелідегі жазғы балалар лагерінде қауіпсіздік ережелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

378
Шиелідегі жазғы балалар лагерінде қауіпсіздік ережелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Су – адам үшін қауіпті апат. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар. Жазғы демалысты теңізге, өзенге немесе тоғанға бармай елестету мүмкін емес. Әдетте, жүзе алмайтын балалар  белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.


"2022 жылғы 14 шілдеде «Сыр ұланы» жазғы балалар лагерінде балалар арасындағы қайғылы жағдайлардың алдын алу мақсатында «Балалардың қауіпсіздігі басты назарда!» тақырыбында өрт қауіпсіздігі ережелері мен суға шомылу барысындағы қауіпсіздік талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында азаматтық қорғау органдарының оң имиджін көтеруді қамтамасыз ету және өскелең ұрпаққа құтқарушы мамандығын дәріптеу мақсатында өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімдері, авариялық-құтқару жұмысына арналған құрал-жабдықтар таныстырылды", - деді Шиелі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі.