5 мың теңгелік банкноттар 2024 жылдың соңына дейін ғана қолданылады

1 529

Олардың орнын биыл желтоқсанда қолданысқа берілетін жаңа 5 мың теңгеліктер басады, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Бүгін Ұлттық банк жаңа банкноттардың үлгісін таныстырған болатын:


Жаңа 5 мың теңгелік банкноттар биылғы желтоқсанда қолданысқа енгізіледі. Ал ескі банкноттар 2024 жылғы 24 желтоқсанға дейін айналымда болады.


"Жаңа үлгідегі банкноттар мен ескі үлгідегі банкноттар қатар айналыс кезеңінде (2023 жылғы 25 желтоқсан мен 2024 жылғы 24 желтоқсан аралығы – ред.) заңды төлем құралы болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер мен аударымдардың барлық түрлерін жүзеге асыру, банктік шоттарға есептеу үшін олардың белгіленген құны бойынша қабылдануға міндетті", – делінген қаулы жобасында.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.