Күйеуі мен үш баласының өліміне кінәлі деп айыпталған әйел сотта ақталып шықты

1 560

Фото ДП Актюбинской областиБір жыл бұрын Самара-Шымкент тасжолында қорқынышты жол апаты болды. Жүргенов ауылына жақын маңда екі көлік соқтығысып, оқиға орнында ер адам мен оның үш баласы мерт болды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Оқиғаға қаза болғандардың әйелі мен анасы, 30 жастағы медбике күдікті деп танылды. Себебі оқиға болған күні жеңіл көлікті сол айдаған екен. Тергеу дерегі бойынша, әйел қарсы жолға шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. 


Дегенмен сотта бұл нұсқа толық емес деп танылды. Әйел өз жолағымен қозғалғаны дәлелденді. Керісінше, жанармай тасымалдайтын көлікті басып озамын деген жүк көлігі қарсы жолға шығып кеткен. Мұны көріп медбике тежеуішті басқанымен, көлік тоқтай алмай жүк көлігімен соқтығысқан. 


Жанармай тасымалдайтын көлік жүргізушісі мен жол апатының басқа да куәгерлері бұл деректі растады. Нәтижесінде Әйтекеби аудандық соты күдіктінің жол ережесін бұзғаны дәлелденбегендіктен оны ақтау туралы шешімге келді. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.