Тергеу изоляторындағы күдікті өзін өртеді

1 780

Фото: Pixabay.comПетропавлда 37 жастағы ер адам өзін өртеп жібермек болған,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Белгілі болғандай, ол аяғына дәретхана қағазын орап, от қойған. Оқиға салдарынан түрлі дәрежедегі күйік алған азаматқа жедел медициналық көмек көрсетіліп, ол қаладағы емдеу мекемелерінің біріне жеткізілді. Қазір ер адамның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.Мамандар азаматтардың психологиялық денсаулығына мұқият болуға және қажет болған жағдайда дер кезінде көмек сұрауға кеңес береді.

– Петропавл қаласының тергеу изоляторында адам өлтірді деген күдікпен отырған ер адам өз-өзін өртеуге әрекет жасады. Қабылданған шаралар нәтижесінде өрттің алды алынды. Денсаулық жағдайы орташа. Ауруханаға жатқызудың қажеті жоқ. Ер адаммен психолог жұмыс істейді, – делінген ведомствоның ресми жауабында.


 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.