Автобус жүргізушісі рөлде отырып қайтыс болып кетті
Өскемен – Новосібір бағытындағы автобустың жүргізушісі рөлде отырып көз жұмды. Өлімнің нақты себебін сараптама анықтайды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі turkystan.kz-ке сілтеме жасап.
Жолаушылардың айтуынша, ер адам өзін автовокзалдың өзінде-ақ жайсыз сезіне бастаған. Ол оларға жақында жүрегіне операция жасалғанын айтқан.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болған.
Тағы да оқыңыздар

Қаз
Рус





