Өз техникасының орағына өзі оратылып қалған

1 245

Фото: yugprom.ruҚостанай облысы Денисов ауданы Шыбынды ауылының жанындағы егін алқабында оқыс оқиға тіркелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оқиғаны облыстық полиция департаменті растады. Оқыс жайт кеше, 24 қыркүйек күні тіркелген.

«Шыбынды ауылының жанындағы оқиға бойынша полиция еңбек заңнамасын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Алдын ала мәлімет бойынша, жергілікті шаруа қожалықтардың бірінде жұмыс істейтін 49 жастағы ер адам комбайнның орағын шөптен тазалап жатқанда, өзі оратылып кеткен», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаменті.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.