ҚЫЗЫЛОРДА ӘКІМІ ҚАЗАНТАЕВТЫҢ ТАПСЫРМАСЫ АЯҚСЫЗ ҚАЛҒАНЫ МА?
1 194
Қызылорда қаласының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы – ның кәсіпкерлерді қолдау мақсатындағы өткізген ашық есік күндері қабылдауларының өтіп жатырғандығынан халықтың хабары жоқ,–деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының VIII съезіне қатысып, шағын бизнесті дамыту және нығайту мемлекет үшін басты басымдық екенін атап өткен болатын. Осы орайда, Қызылорда қаласының әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы өңірлік кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Қызылорда филиалының басшысы Ғалымбек Жақсылықов – қа аптасына екі мәрте ашық есік күнін өткізуді тапсырған болатын. Осы орайда жаңадан қалыптасып келе жатырған кәсіпкерлерді қолдау мақсатында: «Қызылорда қаласында жаппай кәсіпкерлікті дамыту мен қаланың бизнес-ахуалын жақсарту, жер, сәулет, ауылшаруашылығы мәселелері бойынша кәсіпкерлер тарапынан туындаған сауалдарға қолдау көрсету, пандемияға байланысты уақытша тұралап қалған бизнесті қолдау және оны дамыту болып табылады», – дейді кәсіпкерлік және туризм басқармасы.
Шындығында, қала әкімінің жүктеген тапсырмасы бойынша, ашық есік күні 27 тамыздан бастап, әр аптаның сейсенбі және жұма күндері сағат 10:00-13:00 мен 15:00-18:00 аралығында кездесіп, кәсіпкерлер өздеріне керек арнайы мамандармен кеңесе алуы тиіс болатын. Ал, ресми кәсіпкерліктің парақшада 31 тамызда қалалық жер қатынастарының арнайы мамандары кәсіпкерлермен жүздесуге келетіндігі айтылған. Алайда, қала тұрғындарының басым көпшілігі кәсіпкерлік мекемесінің ұсынған көмектерінен хабарсыз болып шықты.
Жас кәсіпкердің сөзінше, үкімет тарапынан өткізіліп жатқан ашық есік күнінен бейхабар. «Үкімет тарапынан аламыз деген нәрсені естиміз де, береміз дегенді естімей жатамыз ғой. Билік көмектесімін десе, көмектесіп жатқаны шығар. Алайда, кәсіпкер ретінде өзім бұл жаңалықты сіздерден алғаш рет естіп тұрмын»– дейді өз атын айтудан бастартқан кәсіпкер.
Шынында, халықтың басым көпшілігі бұл хабардан бейхабар болып шықты. Мысалы кәсібін бұрыннан өрбітіп келе жатқан кәсіпкерлердің бірі: «Өтірік айтпай-ақ қояйын, ашық есік күнінің басталғанынан хабарсызбын. Тіпті ондай күннің бар екенінде білмеймін. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмек түрлерінің бірінде алған емеспін. Өзімнің жарнама агенттігім бар. Кәсіпкерлерге арналған Даму, қайтарымсыз несие дегендердің табалдырығын тоздырып әбден шарашдым. Үкімет тарапынан беріліп жатқан қайтарымсыз несиелердің біреуіне де қолым жетпеді. Менің бір танысым бар «Шаштараз» ашамын деп қайтарымсыз 500 мың тг беріліп жатыр дегенді естіп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатаға барғанда, анау дұрыс емес, іште жауапты басшы жоқ, я ақша жоқ, болмаса ондай несие бітіп қалды, деп қайтарып жібереді. Амал жоқ, алып ұшып барамызда, басымыз салбырап кері қайтқан күндеріміз жетерлік. Мысалы, осы жылға кәсіпкерлерге арнап 1 млрд ақша бөлінген деп естіп барсақ, ол ақшаларды игеріп тастадық деп шығарып салады. Ең болмаса, осы ақшалардың қайда кетіп жатқанын ашып көрсетсе екен. Ең құрығанда басқалардың кәсіп бастауына көмек беріліп жатқанына көз жеткізіп отыратын. Бірнеше рет «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатаның табалдырығын тоздырып, көмек көрсетілмегеннен кейін, қайта көмек сұрап бару бос әурешілік секілді. Негізінен, бөлінген қаржылардың барлығы тамыр - таныс арқылы берілетін көрінеді. Кәсіп бастаймын деп қайтарымсыз несие алған адамдардың, ертесіне сол қаражатқа көлік алып жатқанын көзім көрді. Ал, кәсіп бастаймын деп ниеттеніп барған мына біздерге үнемі қаражат жетпей қалатыны қызық – дейді Асылхан есімді кәсіпкер.
Кәсіп көзін бастаймын деген жас кәсіпкерлер мен бұрыннан белін бекем буған кәсіпкерлердің бұл аталған ашық есік күнінен хабарсыз болғаны қалай? Біздің жергілікті биліктің халыққа жаңалықты дұрыс жеткізе алмағандығы ма? Қала әкімі Қазантаев Ғанибек Қонысбекұлы ның айтылған сөзін айтылған жерде қалмауын қадағаламағандығы ма? Кәсіпкерлердің тиісті мамандар кеңестерінен құр қалып жатқан жәйі бар. Ал, арнайы есік жағалап жүріп, осы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасында болатындығын естіген жеке кәсіпкерлер барғанымен тиісті мамандардың жоқ екендігін де тілге тиек еткендер де болып отыр. Ал, ашық есік күнінен хабары бар кәсіпкердің айтуынша: «Бүгінде ол мекемеде ашық есік күні болғанымен, арнайы мамандар бола бермейді. Бір күні «Жер қатынастар басқармасының орынбасары» Ғанибек Омаровпен кездесуге бардым, алайда, орынында болмады. Хабарласып көріп едік, бүгінгі ашық есік күнінен бейхабар болып шықты. Сөйтсек, ол кісі өз мекемесінде кезекті жиналысында екен. Ресми жариялаған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында отырмайтын болса, несіне жарияға жар салып арнайы маман келеді деп жариялайды. Құр босқа халықты әуре сарсаңға салғанша! Одан қалды ресми парақшаларында кәсіпкерлерге 118-ге жуық консультативтік-кеңес берілген деп көрсеткен. Аталған кеңесті мен және менің кәсіпкер достарым ала алмай жүргенде, 118-ге жуық кеңесті қандай бақытты кәсіпкерлер алып жүр екен?», – дейді кәсіпкер Ақниет.
Ашық есік күніне келген кәсіпкерлер неліктен өзіне керек арнайы маманымен кездесе алмай жүр? Бізге берілген ақпаратта әлі күнге дейін қабылдау өтіп жатыр делінген. Ат ізін суытпай бізде «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасына барып көріп едік, кәсіпкерлердің айтқан сөздерінің растылығына көзіміз жетті. Кешкі 18:00 – ге дейін жұмыс жасау керек ал, «консультативтік-кеңестің арнайы мамандары тағы да, әкімшілікке жоспардан тыс жиналысқа кетіп қалды»,- деді бизнес бөлімінің мамандары. Дәл ашық есік күні жоспардан тыс жиналыс өткізген әкімшіліктің бұлай жасағаны қалай? Кезекті жиналысқа басшылары кетті дегеннің өзінде, неге орнына басқа қызметкерін отырғызып кетпеген.
Ашық есік күні «Атамекен» палатасына арнайы мамандармен жүздесуге барсам, орындарында болмайды, я кезекті жиналысына кетіп қалды деп қайтарып жібереді. Халыққа қызмет көрсетпесе, неліктен жалған ақпаратты ресми жариялайды. Қала әкімі Ғанибек Қазантаевтың тапсырмасы аяқ асты қалып отыр. Осыдан кейін жаман басшысы жаман болады. Ал, қол астындағы қызметкерлерінің қателігі айтылмай қалады ғой. Ел басқарған азаматымыздың сөздерін ісімен дәлелдемейінше, халықтан сүйіншілеп ашық есік күнін ұйымдастырмағаны дұрыс болар еді» - дейді Серік.
Мекеме қызметкерлеріннен сұрауымызша, арнайы мамандар кешкі 18:00 – ге дейін емес, 13:00- ге дейін отыратынын естіп жағамызды ұстап есеңгіреп қайттық. Жұмыс орындарында 13:00 – ге дейін отыратын болса, әрине, консультативтік-кеңес алуға келген кәсіпкерлер екі қолын қалталарына салып қайтатындай жөндері бар. Қала әкімінің кәсіпкерлерді қолдауынан арлы-берлі жолдауы көп секілді. Ашық есік күнін айына бір рет емес, аптасына екі рет ұйымдастырамын деп, дұрыс басшылық жасай алмағаны қалай?
Өткізілген ашық есік күндерінің бүгінгі күнгі есебінде 118 консультативтік-кеңес өткізілгендігі мәлім етілген. Атап айтқанда, 48-жер, 34–сәулет, қала-құрылысы, 21–кәсіпкерлік және 15–ауылшаруашылығы мәселелері жөнінде сауалдарға жауап берілген екен. Жас кәсіпкерлерді қолдаудағы кеңес қағаз жүзінде ғана өтіп жатқандығы ма? Біз сұрастырған кәсіпкерлердің ешқайсысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының ұсынған көмегін ала алмағандықтарын алға тартуда. Сонда бізге берілген есептік көрсеткіштердің қаншалықты рас болғандығы, жұмбақ күйінде қалып отыр!
АЙБАР