Сенатор «Байқоңыр» ғарыш айлағынан зымырандарды көктемде ұшырмауды сұрады
457
Бүгін Сенаттың жалпы отырысында депутат Мұрат Бақтиярұлы «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшатын зымырандарды көктем айларында ұшырмауды сұрады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, бүгін жалпы отырыста «2004 жылғы 22 желтоқсандағы ҚР Үкіметі мен РФ Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды.
«Бүгінгі талқыға түсіп отырған Заң жобасы біздің комитетте де жан-жақты қызу талқыланды. Бұл хаттама жобасының ережелері қабылданған жағдайда Байқоңыр ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыраны кешенін бірлесіп пайдалану мәселелері бойынша Қазақстан – Ресей ынтымақтастығы барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін болады. Әсіресе, көптен бері шешімін таппай келе жатқан Ресей тарапының меншігіндегі және Байқоңыр кешенінің объектілерінде орналасқан мүлікті қабылдау-тапсыру үшін ұйымдық-құқықтық мәселелер шешімін табады деп ойлаймыз. Бәйтерек ғарыш зымыран кешенін құру орбиталық спутниктік жүйелерді жаңарту және қалыптастыру жөніндегі мүмкіндіктерді кеңейтуге мүмкіндік беретін ауқымды Қазақстан – Ресей жобасы деп айтуға болады. Сондықтан да Заң жобасын қолдаймын», - деп тоқталды М. Бақтиярұлы.
Сонымен бірге сенатор 80 мыңға жуық халық тұратын Байқоңыр қаласының тұрғындары және сайлаушыларымен кездесу барысында олардың талап-өтініштері бойынша ұзақ жылдар бойы әлі де болса шешімін таппай келе жатқан мәселелерге назар аударды.
«Біріншіден, әрбір зымыран ұша салысымен кемінде төрт-бес күн бойы ауа райы бұзылып, қатты жел тұрады. Ол жел оңтүстүгі Жаңақорған, солтүстігі Аралдан асып Ырғызға дейін барады. Көктем айларында ылғалды болған жерлерде жақсы шыққан шөпті және жерді осы үздіксіз соққан жел кептіріп жібереді. Бұл мал мен егін шаруашылығына зардабын тигізіп жатқан қалыпты құбылысқа айналды. Сондықтан да біздің сайлаушыларымыз мүмкіндік болғанша Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшатын зымырандарды көктем айларында ұшырмауды сұрайды», - деді депутат.
М. Бақтиярұлы Байқоңыр қаласы мен ғарыш кешені Ресейге ұзақ жылдарға жалға берілгенін айта келе, осы үшін жылына Қазақстан бюджетіне 115 млн доллар көлемінде қаржы түсетініне тоқталды.
Сенатордың айтуынша, соңғы 15-20 жылдың ішінде осы аймақтағы тұрғындар арасында қан-тамырлары аурулары көбейген. Бұған кезінде аса улы отын гептилмен ұшатын Протон зымырандарында болған апаттардың үлкен әсері болды.
«Жалға беруден түсетін қаржының бір бөлігі жергілікті тұрғындардың емдеу-сауықтыру орындарында денсаулығын жөндеуге беріліп отыру керек деп есептейміз», - деді Мұрат Бақтиярұлы.