Қызылордада жоғары сынып оқушылары арасындағы төбелесті мектеп әкімшілігі жасырды ма?

3 651
Қызылорда қаласына қарасты №268 мектеп-лицейінде жоғары сынып оқушылары арасында төбелес орын алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қызылорда қаласына қарасты Наурыз мөлтек ауданындағы №268 мектеп-лицейінде жасөспірімдер арасында төбелес орын алып, қылмыстық оқиғаға айналған. Ал, мектеп әкімшілігі аталған жайтты жылы жауып қойған десе-ді. Бұл туралы  тәуелсіз журналист Үйтолған Жареке өзінің Facebook парақшасына жариялады.     

Наурыз тұрғын ауданындағы №268 мектепте қылмыстық оқиға болған. Бірақ мектеп басшылығы жасырып отыр. Және онымен аймақтың инспекторы да сыбайлас. 
Осы мәтіндегі хат келді. Хат иесінің айтуынша баласы сол мектептің 9 сыныбында оқиды. Мектепті дедовщина дендеп кеткен. Әлсіздері әлді жоғары сынып оқушыларынан жиі құқай көреді екен, - делінген жазбада.


Аталған жайт бойынша мектеп әкімшілігі 


2022 жылдың 29 желтоқсан күні кешкі уақытта ата-ана сынып жетекшісімен хабарласып, 10 сынып оқушысының сатыдан құлап қалғандығын және балалар ауруханасына алып бара жатқандығы жөнінде хабар берген. Хабар алысымен сынып жетекшісі директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына хабар беріп баланың жағдайын білу үшін балалар ауруханасына барған.
Ата-анасының айтуы бойынша, баласы үй шаруасымен айналысып жүргенде, сатыдан құлап, жақ сүйегіне зақым келген.
Қазіргі таңда оқушы ем алуда, оқушының жағдайы жақсы, ата-анасымен тығыз байланыстамыз, - деген.


Ал, Қызылорда Облысының Білім Басқармасы №268 мектепте орын алған жағдайға қатысты


Білім басқармасы тарапынан комиссия құрылып, зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылданатын алға тартса, Қызылорда Облысының Полиция Департаменті “Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің  107 – бабының 1-бөлігімен (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізілуде.  Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу деректерін жария етуге жол берілмейді, - деп  жауап берген болатын.



Айта кету керек, соңғы уақытта Қызылорда қаласында білім саласында бірқатар кемшіліктер орын алғаны жасырын емес. Тіпті, жыл соңында
«Қызылордада мұғалім 8 - сынып оқушысын зорлаған» жөнінде жариялаған болатынбыз.  Жергілікті білім ошақтарын былықшылық жайлап алғаны туралы ақпарат жиілеп кетті. Небір жаға ұстататын жағдайлар тіркеліп жатыр.


Облыстық білім саласына сіздің қояр бағаңыз