Жоғалған баланың денесі табылды

1 625

Pixabay.comТүркістан облысында Біртілек ауылында жоғалған баланың денесі табылды, -деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Министрлік дерегінше, 16 наурызда Түркістан облысының Біртілек ауылында 2019 жылы туған бала 15-00-де үйден шығып, қайтып оралмағаны туралы ақпарат келіп түскен. 


Куәгердің айтуынша суару каналында аяқ киім табылған.


“Бүгін сағат 16-40-та іздеу тобы жоғалған баланың денесін үйден 2 км қашықтықта тауып, судан шығарып алды. Іздеу жұмыстарына төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың және полицияның 93 адамы және 4 техникасы жұмылдырылды”, – делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.