Алматыда лаңкестікке қарсы жаттығулар басталды

328
Алматыда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Алматы қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап. 

Штабтың мәліметінше, 6 сәуір күні таңғы сағат 6:00-де Түрксіб ауданында жоспарлы жаттығулар басталды. Тәртіп сақшылары Спасская көшесінің бойында орналасқан №67 үйде жаттығу жасап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар сағат 12:00-ге дейін өтеді.

"Оқу-жаттығудың мақсаты - адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту. Оқыту тапсырмалары лаңкестіктің жолын кесу тетігін жетілдіруге бағытталған.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезеңінде шектеулер қойылатынын хабарлаймыз. Осыған байланысты азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және оқу-жаттығуларды өткізуге тартылған мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын орындауға шақырамыз", -
деп хабарлады Терроризмге қарсы күрес қауымдастығы.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы тұлғаның заңды талабына бағынбау ӘҚБтК-нің 443-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатыны атап өтілген.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.