Дәрігерлер жасы келген зейнеткерлердің жұмыстан кетуін талап етті

302
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы аурухана қызметкерлері жалақысын ала алмай, жасы келген дәрігерлердің жұмыстан кетуін талап етті,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қостанай облысына қарасты Әулиекөл ауданында медицина қызметкерлері әлі жалақы алмаған. Кредит пен басқа да қарыздарын өтей алмаған олар әлеуметтік желіде шу шығарды. 

Әуликөл аудандық ауруханасында дау туындауда. Жаздан бері жалақыны кешіктіріп жатыр, зейнетақы төлемдерін аудармайды. Дәрігерлер мен медбикелер ауданның бас дәрігері Сергей Шульгинді шақыртты. Бүгінге дейін қыркүйек айындағы жалақы толық төленген жоқ. Зейнеткерлер әлі күнге дейін жұмыс істеп, жастарға орын бермей отыр. Шульгин орнында отырғанда бұл жағдай өзгермейді. Зейнеткерлердің бәрін жұмыстан шығару керек, – деп жазды дәрігерлер әлеуметтік желіге. 

Бұған қатысты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жылқыбаева түсініктеме берді. 

Аталған жазба бойынша денсаулық сақтау басқармасы комиссия құрды. Комиссия барлық фактілер бойынша тексеруді бастайды. Оның ішінде ұйымды қаржыландыру, жалақыны уақытылы беру мәселесі де бар. Біз комиссия жұмысының қорытындысын міндетті түрде хабарлаймыз, – деді баспасөз хатшысы.