Қызылордада мас адам бұрынғы жұмыс орнына "жарылғыш зат қойған"
Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмыс орнына "жарылғыш зат қойдым" деген жалған хабарлама берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған. Бұл ғимаратты техникалық мамандар тексерді. Онда жарылғыш зат табылған жоқ.
Тергеу барысында жалған хабарлама берген адам қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде осындай іске барғаны анықталды. Қызылорда қалалық соты үкімімен жалған хабарлама берген адамға 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.