Қызылордада мас адам бұрынғы жұмыс орнына "жарылғыш зат қойған"

1 604

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Қызылорда облысында мас ер адам бұрынғы жұмыс орнына "жарылғыш зат қойдым" деген жалған хабарлама берген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда қаласының тұрғыны телефон арқылы Тасбөгет кентінде орналасқан медициналық мекемеге жарылғыш зат қойғанын хабарлаған. Бұл ғимаратты техникалық мамандар тексерді. Онда жарылғыш зат табылған жоқ.

"Қызылорда облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру шараларының нәтижесінде жалған хабарлама берген мекеменің бұрынғы қызметкері, Қызылорда қаласының 47 жастағы тұрғыны анықталып, ҚР Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша соталды тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілді", - делінген хабарламада.

Тергеу барысында жалған хабарлама берген адам қызметінен босап қалуына байланысты ызаланып, масаң күйде осындай іске барғаны анықталды. Қызылорда қалалық соты үкімімен жалған хабарлама берген адамға 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.