ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТ АНАЛАР БӨЛМЕСІ АШЫЛДЫ
280
Қызылорда қаласында «Ізденіс Жолы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Халықаралық конвенциялар: Білім. Тәрбие. Демография» атты семинары өткізілді.
Семинарға Қызылорда қаласындағы ЖОО студенттері, Колледж студенттері, педагог-психологтар, ҮЕҰ өкілдері, БАҚ өкілдері, Қызылорда облыстық студент аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Жобаның мақсаты: Студенттік отбасыларға әлеуметтік-құқықтық кеңес беруді ұйымдастыру және өмірдің белгілі бір саласында туындаған нақты мәселені шешуде және соның нәтижесінде студенттік отбасы мен студенттердің құндылығын, мәртебесін және әл-ауқатын арттыруда қолдау көрсету. Жалпы қоғамдағы отбасы институтының беделін арттыру. Психологиялық кеңес бере отырып, жан-жақты сүйемелдеу жұмыстарын үйлестіру.
Жоба аясында студент аналардың мәселелері жіті зерделеніп, арнайы құзырлы мекемелерге ұсыныстар берілді. Нәтижесінде Қызылорда облыстық жастар орталығынан арнайы «Студент аналар бөлмесі» осы шара барысында ашылды. Сонымен қатар Жұмыспен қамту орталығы, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен банк бөлімшелерінен «Студент аналарға қызмет көрсету орындары» ашылуда.
Шара барысында арнайы отбасы құрып, жаңа өмірге қадам басқан екі жастың заңды түрде некеге тұрғанын растайтын неке куәлігі табысталды. Және психолог маманның арнайы семинары ұйымдастырылды. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Бұл жоба Евразия қоры жүзеге асыратын АҚШ халықаралық даму агенттігі (USAID) қаржыландыратын Орталық Азиядағы Әлеуметтік Инновациялар бағдарламасының қолдауымен ұйымдастырылды.
Social Innovation in Central Asia
#sica_ylg #studmath #izhpf