Мұхамеджан Тазабек орыстардың қазақ қыздарын төсекке мәжбүрлеуіне қарсылық танытуда
197

Бұл туралы Мұхамеджан Тазабек өзінің инстаграмдағы парақшасына жариялады.
Менің қолыма камера алғызып, мені уайымдатып тұрған жағдай бар. Ол - 19 қараша күні Алматы қаласына арнайы келе жатқан көрші елдің бүлікші блогері жайында. Алекс Лесли деген адам Алматыға келіп, Қазақ қыздарын жауапсыз төсек қарым-қатынасына үйрету үшін, қазақ қыздарының ар-ұятын қалай оңай таптауға болатынының бүкіл үлгісін көрсету үшін келе жатыр екен. "Жаман үйді қонағы билейді" ғана емес, осы елге келіп бүлік салып, біздің ең қымбатты болған қыздарымыздың ар-ұятын аяққа таптатуға келе жатқан адамға барынша қарсы тұрып, оның жолын кесуіміз керек. Жігіттеріміздің ар-ұяты, айбыны азайған сайын осындай басынушылар көбейіп кетеді.
Әрқайсыңыз төңірегіңізге даусыңыз бен сөзіңіз жеткенше бұл нәрседен сақтандыруға шақырамын, - деді ол.
Әрқайсыңыз төңірегіңізге даусыңыз бен сөзіңіз жеткенше бұл нәрседен сақтандыруға шақырамын, - деді ол.

"Қызыңды қорлаймын десе үніміз шықпайды, қатыныңды зорлаймын десе дымымыз шықпайды... Жаттың жаулауы мен бөтеннің бұзықшылығына мәу демейміз... Қайдасың коменттің командирлері мен дизлайктің дивизясында жүргендер?!" - дейді.
Жазбадан өзге инстаграмдағы тарих бөлімінде де осы туралы айтты.
Қызыңның арын таптап, қызығын жат көрмекші. Қазақ қызы ойы бұзықтың ойыны болатындай, қаны бұзықтың қойыны толатындай не басымызға күн туды?!, - деп жазған.