Екібастұз тұрғыны көлік жүргізіп келе жатып инсульт алған
288
Екібастұз қаласында көлік жүргізіп келе жатқан ер адам инсульт алған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Екібастұз қаласының көшелерінің бірінде көлік кенеттен тоқтап, жол қозғалысына кедергі келтірген.
Полицейлер тез арада оқиға орнына жедел жәрдемді шақырған. Медицина саласының мамандары ер адамға "ишемиялық инсульт" диагнозын қойған.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Екібастұз қаласының көшелерінің бірінде көлік кенеттен тоқтап, жол қозғалысына кедергі келтірген.
"Полицейлер тез арада көлікке барып, оны егде жастағы ер адам тізгіндегенін анықтаған. Жүргізушінің ауырып тұрғаны аңғарылған. Ер адам тәртіп сақшыларының сұрақтарына тек саусақтарын қимылдатып жауап берген", - деді Екібастұз қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция ротасының командирі Азамат Күркебаев.
Полицейлер тез арада оқиға орнына жедел жәрдемді шақырған. Медицина саласының мамандары ер адамға "ишемиялық инсульт" диагнозын қойған.
"63 жастағы ер адам қазір ауруханада жатыр. Оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Дәрігер рұқсат берген бойда ол кісіге міндетті түрде барамыз. Оның тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз", – деді Азамат Күркебаев.