Экскаватор 16 жастағы мопед жолаушысын басып өлтірді

1 222

Фото: Жасанды интеллектАлматыда экскаватор мопедте отырған 16 жастағы жасөспірімді қағып өлтірді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.



Қайғылы жағдайды Алматының полиция департаменті растады.  Жантүршігерлік жол апаты 24 қазан күні сағат 08:10-да Алатау ауданында болған.




“Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы мопед айдаған жасөспірім қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан мопед аударылып қалды. Ал оның жол жиегіне құлаған 16 жастағы жолаушысын экскаватор басып кетті”, – деп мәлімдеді полиция. 

Жасөспірім жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты сотқа дейінге тергеу басталды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.