Қала тұрғыны: азық-түлік бағасы тұрақтамаса, бір айлықпен күнелту мүмкін емес
496
Қызылордалық тұрғындардың басым көпшілігі базар бағасының тым шарықтап кеткендігіне наразы, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде жыл сайын қаңтар айы басталысымен азық-түліктің бағасы шарықтап кетуі дәстүрге айналған. Кәсіп иелері бағаның көтерілуін ақшаның құнсыздануы және де жанар-жағармай бағасының қымбаттауымен байланыстыруда. Алайда, жергілікті атқарушы билік бағаны барынша «ауыздықтауға» тырысса да нәтиже жоқ.
Бүгінде қызылордалықтардың көпшілігі азық-түлікті «Анвар», «Асқар», «Ажар», «Алатау» сауда желілерінен және де «Ескі» базардан алады. Ал, бұл сауда орындарда баға әртүрлі. Қалтаны қаққан нарықтық заманда тиын санап, күнелтіп жүрген жандар қаншама. Алайда, күйбең тіршіліктің қамы үшін, өлместің күнін көріп жүргендер де жетерлік. Солардың бірі
Ал, бүгінгі күні қырыққабат, сәбіз, қызанақ, картоп, жуа секілді көкөністер де отандық өнім болса да бағасы өткен жылмен салыстырғанда тым жоғары. Осы орайда, саудагерлікпен айналысып өз күнін көріп жүрген Жазираның айтуынша, жолақысы мен жанар-жағармайдың бағасының көтерілуі мен доллардың асқақтауынан деп пайымдауда.
Тіпті қазіргі таңда жеңілдікпен саудаланатын қолданыс заттарының бағасы жаға ұстатарлықтай. Бұл сауалды біз кәсіпкерлерге де, саудагерлерге де қойып көрдік, бірақ ешқайсысы себебін айтуға құлықты емес екенін аңғартты. Ал жауапты мамандар өңірдегі бағалар республикалық бағадан төмен екендігін алға тартуда.
Жыл басынан бері жыр болған қант мәселесі де әлі оң шешімін таппаған сыңайлы. Себебі ірі сауда орталығында 485 теңгені құраса, дүкен сөрелерінде 550 теңгеден саудалануда. Ал, түйір қанттың бағасы тіпті қымбат.
— Статистика департаментінің деректері бойынша үстіміздегі жылдың айларында облыс бойынша
Бұл туралы Президент: «Егер нарықта азық-түлік мол болмаса, инфляцияны ұстап тұруға еш амал көмектеспейді», — деген болатын. Сондай-ақ Президент азық-түлік бағасын тұрақтандыруға қатысты өңір басшыларына тапсырмалар берген.
АЙГЕРІМ РАХЫМЖАНҚЫЗЫ

«Мен, 3 баланың анасымын. Ешқандай жәрдемақы алмаймыз. Үкіметтен келетін көмек жоқ. Жолдасым ғана жалдамалы жұмыс жасайды. Өзім жұмыссызбын, баламен үйдемін. Себебі кенжем 3 жасар. Кей күндері соқыр тиын таппай сандаламыз. Қымбат бәрі нан 85 теңгеден жоғары, шемішке майдың 1 литрі 1000 теңгені үстінде, ал картоп 240 теңгеден. Бір жалақыға қарап отырғандықтан біраз азықтан бас тартуға тура келеді.»,- дейді Нұргүл.
Ал, бүгінгі күні қырыққабат, сәбіз, қызанақ, картоп, жуа секілді көкөністер де отандық өнім болса да бағасы өткен жылмен салыстырғанда тым жоғары. Осы орайда, саудагерлікпен айналысып өз күнін көріп жүрген Жазираның айтуынша, жолақысы мен жанар-жағармайдың бағасының көтерілуі мен доллардың асқақтауынан деп пайымдауда.
«Түсіп жатқан баға жоқ. Бензин қымбат, жолақысы бар, көлік ақысы бәрі жалдамалы жеткізіледі. Сондықтпан бізге жетем дегенше бағасы қойылып келеді. Мен сияқты бір жалақымен өмір сүретін біз сияқты адамдар үшін қымбатшылық қиын болып тұр. Мен осы базардан басқа пайдам жоқ. Оның үстіне бізге әкелген бағаның үстіне 15-20 теңге қоямыз. Соның өзін халық қымбат сынады. Мысалы, қызанақ 550 тг сатсам , 530 теңге келген бағасы. Менің де басым екеу емес. Келген бағаны қоямыз»,- деді көкөніс сатушысы Жазира.