Полицей 22 жастағы жігітті қағып өлтірді

538

Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері 22 жастағы жігітті қағып өлтірді, деп хабарлайды - "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мәлімет бойынша 22 жастағы жігіт достарымен бірге келе жатқан көлігінен жарылған доңғалақты ауыстыру үшін түскен. Осы кезде оны өтіп бара жатқан Lada көлігі қағып кеткен. Оқиға 2 қазанға қараған түні Өскемен-Семей тасжолының 25-ші шақырымында болған.
Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, Lada автокөлігінің рөлінде полиция қызметкері болған. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Видеотіркеуіштердің жазбалары алынып, қылмыстық іс материалдарына тіркелді.
Полиция жол апатынан кейін тәртіп сақшысы жұмыстан шығарылғанын атап өтті.
Жас жігітті 4 қазанда ақтық сапарға шығарып салды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.