"Алтын ордадағы" автожол қарашада толық пайдалануға беріледі

363
Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев Алматыға іссапар барысында "Алтын орда" базары маңындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмысымен танысты деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

"Алматы қаласындағы "Алтын Орда" базары ауданындағы автожол учаскесін реконструкциялау жұмыстарын алдыңғы мердігер компания қарқынды түрде жүргізе алмаған соң, оны жұмыстан шеттетіп, басқа мердігер компания, яғни, "Сине Мидас Строй" компаниясымен келісімшарт жасастық.

Қазір осы компания жұмыс жүргізуде. Қазір көріп тұрсыздар, көлік жолайрығындағы жұмыстың 90 пайызы бітті. Қазан айының соңына дейін жұмыс толық аяқталады. Яғни, қараша айының басында пайдалануға беріледі", - деді Берік Камалиев.

Оның айтуынша, реконструкция барысында көлік жолының сапасына ешқандай зақым келмейді. Облыстық жол зерттханасы жол сапасын үнемі қадағалап, тексеріп отырады.

Сонымен бірге, ол қазіргі уақытта сол жердегі эстакаданың құрылысы жедел қарқынмен жүріп жатқанын атап өтті.

 Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын Орда" базары маңындағы жол айрығының құрылысын сынға алып, премьер-министрге құрылысты осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырған еді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.