Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары жемқорлық жасады

1 415

Фото: freepik.comТүркістан облысында жемқорлық жасаған 12 мүшесі бар топ анықталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет білім беру саласындағы жүйелі жемқорлық фактілерінің жолын кесті. Шардара ауданы білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Өңірде 12 қатысушыдан тұратын тұрақты ұйымдасқан топ бюджет қаражатын жымқырып келген. Мәліметтерге сүйенсек, 2020-2023 жылдар аралығында бөлім басшылары мен бухгалтерлер жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аударған. 

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 3,7 млрд теңге көлемінде залал келтірілді және жалпы сомасы 639,8 млн теңгеге залал өтелді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің аяқталуы туралы есеппен прокуратураға жолданды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.