Жасөспірім досын мылтықпен атып жіберген

416
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Хан ордасы ауылында 15 жастағы жасөспірім оқтан жарақат алды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy сайтына сілтеме жасап

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жасөспірімге іш жарақаты деген диагноз қойылған.


«Баланың жалпы жағдайы тұрақты түрде ауыр. Бала балалар реаниматологының сүйемелдеуімен әуе көлігі арқылы облыс орталығына жеткізілді», - деді ведомствоның баспасөз қызметі.


Белгілі болғандай, 15 жастағы екі жасөспірім Мәметова көшесіндегі бір үйдің ауласындағы гаражда болған. Балалардың бірі 28 жастағы ағасына тиесілі ATA ARMS №D1808301 12 калибрлі шолақ мылтықпен екіншісін атып жіберген.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚКылмыстық кодексінің 114-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ҚР Қылмыстық кодексінің 484-бабы бойынша атыс қаруының иесіне қатысты хаттама толтырылды.