Қызылордада діни экстремистік ұйым белсендісі ұсталды

642
Қызылордада  діни экстремистік ұйым белсендісі сотталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі

Күдіктіні Қызылорда облысы Полиция департаменті және Ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлері  анықтады. Нәтижесінде «Таблиғи жамағат» діни экстремистік ұйым жақтасы, 48 жастағы облыс тұрғыны қолға түсті.

Аталған азамат  елде тыйым салынған діни экстремистік ұйымының шарттары мен дәстүрлерін ұстанған. Ол діни алауыздықты қоздыратын және діни экстремистік деп танылатын ақпараттарды насихаттаған. Діни экстремистік ұйым жиындарын ұйымдастырып, жасырын уағыздар жүргізген.


«Арнайы іс-шаралар материалдарын талдау барысында, бұл азаматтың іс-әрекетінде құқық бұзушылық белгілері байқалған. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 405-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп - тексеру жұмыстары жүргізілді. Онда қоғамдық немесе діни бірлестікке не өзге де ұйымға қатысты олардың экстремизмді немесе терроризмді жүзеге асыруына байланысты қызметіне тыйым салу немесе тарату заңды күшіне енген сот шешімі бола тұра, олардың қызметін ұйымдастыру жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция департаментінен.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.