Мектеп оқушысын сыныптастары соққыға жығып, мүгедек қылған
5-сынып оқушысының анасы сыныптастары қызын артық салмағы мен көзілдірік таққаны үшін шеттететінін айтты.
Ал қыздың соққыға жығылғанына бір ай болған, бірақ әлі күнге дейін ешкім жазаланбаған. Анасының айтуынша, қыз мектептен жылап келген, телефоны сынған. Бірақ не жағдай болғанын анасына айтпаған. Кейін анасы сыныптас достарынан сұрап білген.
Кейін әйел полицияға арыз жазған. Бірақ мектеп меңгерушісінің өтінішімен арызын қайта алған. Бірақ жиналыста бірде-бір ата-ана баласы үшін кешірім сұрамаған.
Оқушы қыздың анасы соққыдан кейін қызының көру қабілеті күрт нашарлағанын айтты. Қызының жағдайына алаңдаған ана қайта арыз жазған.
Тағы да оқыңыздар
