Жарты жылдықтың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы
170
Қызылорда облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментімен есепті кезеңде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына сәйкес өз өкілеттігі шеңберінде бірқатар жұмыстар атқарылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Үстіміздегі жылдың 1 жартыжылдығында Департаментке тұтынушылардың құқықтарының бұзылуы туралы барлығы – 159 өтініш келіп түскен, ол өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 39 өтінішке немесе 32,5 пайызға артық.
Жалпы алғанда аталған өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдауда 91 өтініштің бөлшек сауда саласына келетіндігі немесе 57,2 пайызы (атап айтсақ, сапасыз тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, 14 күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастаудан, қайтарудан бас тарту, тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтері саласы бойынша - 28 (17,6 пайыз – коммуналдық қызметтер үшін төлемді негізсіз есептеу, пәтер иелері кооперативтерінің тиісті деңгейде қызмет көрсетпеуі, электрондық сауда – 13 (8,1 пайыз – тұтынушыларды алдау, сапасыз тауар ұсыну, тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тарту), қоғамдық тамақтану – 5 (3,1 пайыз – сапасыз тамақ өнімдері, жарамдылық, сақтау мерзімдері), қаржы қызметі – 3 (2,5 пайыз – несиеге байланысты) және де басқа салалар.
Аталған өтініштерді заңға сәйкес қарау қорытындысымен 108-өтініш қанағаттандырылды, 23-өтініш түсіндіріліп, 28-өтініш басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде тұтынушыларға барлығы 1,2 млн.теңгенің қаражаты қайтарылуына ықпал жасалды.
Есепті кезеңде, Халықаралық тұтынушылардың құқықтарын қорғау күніне арналған іс-шараларды өткізуге аса көңіл бөлінді. Атап айтсақ, 2022 жылдың 15 наурызында «Әділ цифрлық қаржы қызметтері» ұранымен өткен шараларға тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша «Ашық есік күні» өткізілді. Сонымен қатар, аталған тақырып бойынша облыстық «Қызылорда» телеарнасы «Қайырлы күн» бағдарламасында сұхбат берілді. Тұтынушыларға ақпараттық түсіндіру мақсатында жергілікті газеттерде, әкімдіктердің ресми веб-парақшаларында мақалалар жарияланды. Сондай-ақ, тұтынушыларға құқықтық көмек көрсету мақсатында сауда үйлерінде ақпараттық акциялар өткізілді. Есепті кезеңде департамент жанындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша үйлестіру комиссиясының екі отырысы өткізілді, онда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы негізінде әзірленген социологиялық зерттеулер нәтижесінде Қызылорда облысының экономикасының бірқатар салаларында анықталған тұтынушылардың құқықтарының бұзылуының орын алуы, сонымен қатар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасының тұжырымдама жобасы талқыланды.
Департамент тарапынан тұтынушылар мен бизнес субъектілерін құқықтары мен міндеттері туралы ақпараттандыру мақсатында дөңгелек үстелдер, ашық есік күндері, дәрістер, семинарлар тұрақты негізде өткізіліп отырылды.Мәселен, есепті кезеңде 5- кездесу, 1 - дөңгелек үстел, 2 – ашық есік күндері, 1 - сауалнама, 4 - ақпараттық акциялар, 3-баспасөз конференциясы, 2 – кеңес өткізілді. Бұл ретте айта кету керек, осы өткізілген іс-шараларға барлығы 300 астам адам қатысты.
Бұдан басқа, департаменттің фейсбук және инстограмм әлеуметтік желісінде тұтынушылардың құқықтарына арналған 189 мақала жарияланып, бейнероликтер орналастырылып көрсетілді, облыстық теледидарда 9 мәрте сұхбат берілді, қала және аудан әкімдіктерінің ресми веб-парақшаларында, әлеуметтік желілерінде 188 мақала жарияланды, Қызылорда облысының жергілікті газеттерінде 30 мақала жарияланды.
Алдағы уақытта аталған жұмыстар өз жалғасын табады. Сонымен қатар, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2022 жылға арналған жоспарында «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу көзделген. Бұл ретте уәкілетті органмен Заң жобасы әзірленіп, мүдделі мекемелер және үкіметтік емес ұйымдарымен талқылануда.