ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҒАЛАУДЫҢ ТАСТАРЫН «ҚОЛМЕН ЖУУ» МІНДЕТ ПЕ?
Сырдария жағалауы мен тас жолдың арасындағы кең жолақтарға әдемілік үшін төселген жеңіл гранит тастарды тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қолмен жуып жатыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желідегі өзінің Facebook парақшасында қоғам белсендісі Сабит Сұлтан тазалық қызметкерлерінің дария жағалауында сәндік үшін төселген тастарды жуып жатқан суретін жариялаған болатын.
Қыстың қырауы мен жаздың аптап ыстығында шарбақ жуған қызметкерлер желі қолданушылар арасында қызу пікір талас тудырды. Қоғам белсендісінің айтуынша, бір айдан бері жолдың арғы бетіндегі төселген тастарды қолмен жуып жатырған көрінеді. Ол аздық еткендей, темір қоршауларды да жууға кірісіп-ақ кеткен. Тастарды жуу үшін пайдаланылған ауыр техникалы көліктерді де аңғаруға болады. Алайда жоғарғы билік тастарды жылсайын жуу дұрыс шешім екендігіне сенімді болғаны соншалық пікір қалдыруды жөн санамаған. Ал желі қолданушылары қара жұмыс жасап жүрген аналарымыздың еңбегін бағалап, билікті қаралап та жазба қалдырған.
«Тас жуу деген қандай сорақылық? Қызметшілердің денсаулығына көңіл бөлсін басшылар.»
«Жағалаудағы жаяу жүрушілерге арналған жолдың дария жақ бетін әлі де кеңейтіп, сол жерге талдар егілсе деймін, сол кезде көлеңкесі жаяу жүрушілерге, әрі көліктер жүретін жолға да түсер еді. Тасқа келетін болсақ алып тастап ол жерге талмен көк шөп егілсе дұрыс болар еді».
«Бас істемесе екі аяққа күш деген»
«Тас жуып, тарихта қалатын болдық. Естімеген елде көп» деген түрлі пікірлер де жазылған.