4,5 млн теңгенің 7 аялдамасын жел аударып тастады

223
Атырауда желден төңкеріліп қалған аялдамалардың видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


AtyrauPress басылымының жазуынша, аталған жайтқа қатысты пікір білдірген қалалық әкімдік өкілдері ашық аялдамалардың 2022 жылы қала маңындағы елдімекендер тұрғындарының көптеген өтініші бойынша орнатылғанын айтқан.

Белгілі болғандай, барлығы 30 аялдама 19 006 400 теңгеге сатып алыныпты, яғни әрбір аялдаманың құны 633 мың теңгеден асып жығылған. Өкінішке қарай, оның жетеуі өткен аптада Атырауда соққан қатты желдің салдарынан құлап қалған.

Өткен жылы қала мағындағы ауыл тұрғындарына арналған 30 ашық аялдама орнатылған болатын. Оның 7-і желден құлап қалды. Бүгінгі таңда 6 аялдама қалпына келтіріліп, қайта орнатылды. Соңғысын бүгін қайта орнату жоспарланып отыр, - деп түсіндірді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Видео авторы аялдаманың тіпті бетонға бекітілмегенін атап өтеді. Жел соққан неліктен аударылып қалғанын да түсінікті болды.