Қызылордада жоғалған қыздың Нұр-Сұлтанда жүргені анықталды

361
Қызылордада жоғалған 16 жастағы қыз елордадан табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Өткен жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласының тұрғынынан 16 жастағы қызының үйінен сабаққа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.

Қызылорда облысы полиция департаменті іздестіру шараларын бастаған. Ювеналды полицейлер қыздың Нұр-Сұлтан қаласында жүргенін анықтап, әріптестердің көмегімен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырған.

Облыс бойынша өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің 84 дерегі тіркеліп, олардың барлығы ата-аналарына аман-есен тапсырылды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.