КЕНТТІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

1

Фото: Жаңақорған ауданыАудан әкімі Мажит Самитов бүгін аудандық мәдениет үйінде кент тұрғындарымен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Алдымен аудан орталығындағы негізгі мәселелерді тізбектеп, осы жылы ел игілігіне берілетін әлеуметтік жобалар мен инженерлік инфрақұрылым жүйелеріне жіті тоқталды.

Биыл 25 млрд теңгеге жуық қаржыға ауқымды жобалар жүзеге асуда. Оның ішінде, мектеп, руханият орталығы, медициналық нысанның құрылыстары жүргізіліп, жол, ауыз су, газ, электр желілері жаңғыртылуда.

Кездесу барысында құқық қорғау саласының ардагері Әлібек Сүгірбаев биыл жөндеуден өтетін әрбір көше тұрғындарына жол құрылысын қатаң бақылауға алып, қадағалау жасауды ұсынды. Барлық көше комитеті немесе ардагер аға буындар осыны ескерсе деген өтінішін айтты.

Сондай-ақ, білім және медицина саласы тарапына да сауалдар жолданды. Бұл мәселелер алдағы уақытта өз шешімін табатыны тұрғындарға жеткізілді.

Жиын соңында жазбаша өтініш білдіруге де болатынын, жолданған мәселелер міндетті түрде қаралып, өз құзіреті шегінде шешілетіні айтылды.

Жалпы алғанда кентте жасалынып жатқан жұмыс өте ауқымды, осыдан-ақ кенттің келешегінің кемел екенін көруге болады.