Колледж директоры 29,5 миллион теңге жымқырған

1 685

Фото: aikyn.kzМаңғыстауда колледж директоры ірі көлемдегі қаражатты жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Прокуратура органдары бюджет қаражатын тиімді пайдалану заңдылығының сақталуына тұрақты түрде талдау жүргізеді.Талдау барысында гуманитариялық колледжінің директорымен қызметкерлерге тиесілі еңбек сыйақы төлемдерін жымқыру фактісі белгілі болды.


«Атап айтқанда, колледж директоры 2022 жылғы желтоқсан және 2023 жылдың тамыз айлары аралығында колледждің 29 қызметкеріне сыйақы беру туралы негізсіз бұйырықтар шығарып, 29,5 млн теңгені заңсыз иемденген», - делінген хабарламада.


Бейнеу аудандық сотының 16.05.2024 жылғы үкімімен колледж директоры ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Мемлекетке келтірілген шығын 29 550 929 теңге өндірілді.