Аудан әкімі әкімшілік жауапқа тартылды

1 545

egemen.kzЖетісу прокурорлары аудан әкімін әкімшілік жауапкершілікке тартты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Ескелді ауданының әкімі жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды (ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 137-бабы).

Прокурорлар 120 гектар жер шаруа қожалықтарына конкурссыз берілгенін (ҚР Жер кодексінің 14-1,35 және 43-1-баптарын бұзу) анықтады.


"Қадағалау актісі бойынша бұл жерлер мемлекетке қайтарылды. Жыл басынан бері Жетісу прокурорлары жалпы кадастрлық құны жарты миллиард теңгеден асатын 103 мың гектардан аса ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтарды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.


Бұл жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмей, мақсаты бойынша пайдаланылмай, сондай-ақ, жер заңнамасын бұза отырып берілген.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.