Қызылордада білім беру орталығының бухгалтері мұғалімдердің жалақысын өзіне аударып алған

6 214

Фото: istockphoto.comҚызылордада «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді.  Тергеу нәтижесінде бас есепшінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланып, қаражатты өзінің жеке есепшотына заңсыз аударғаны белгілі болған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша құқық қорғау органдары тергеу амалдарын жүргізуде. Заңсыз аударылған қаражаттың қайтарылуы және кінәлі тұлғаның жауапкершілікке тартылуы бойынша тиісті шаралар қабылданады деп сенейік. Осы орайда Қызылорда облыстық прокуратурасы:

«Аталған дерек бойынша облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен қылмыстық іс тіркелді. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды», - делінген хабарламада.

Жасыратыны жоқ, бұл жағдай мемлекеттік мекемелердегі қаржы тәртібін қатаң бақылау қажеттілігін тағы бір мәрте көрсетіп отыр.  Білім басқармасының тікелей қарамағындағы білім орталығының бұл әрекетіне басқарма басшысы көз жұма қарағаны ма? Бұл сұрақ қоғамда үлкен талқыға түсуде. Басқарма басшылығының мұндай ірі көлемдегі қаржылық заңбұзушылықты қалайша назардан тыс қалдырғаны түсініксіз. Тергеу барысында осы мәселеге де жауап табылады деген үміттеміз. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.